Bugin

Қазақстанда ипотеканың пайызы өсуі мүмкін бе – сарапшы пікірі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда коммерциялық ипотеканың пайызы өссе, халықтың жағдайы жетпейді. 17%-19% ипотеканы ешкім де алмайды. Бұл керісінше банкке ауыр соққы болмақ. Осылай дейді Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Виктор Микрюков. 

"Табысы орташа азаматтардың қазір үй алуға жағдайы жоқ. Өйткені оларға сай келер ипотека жоқтың қасы. 17%-19% ипотеканы есі дұрыс адам алмайды. Өте тиімсіз", - дейді Микрюков.

Оның айтуынша, халыққа жабылып қалған "Баспана хит" сынды ипотекалық бағдарламаларды қайтару қажет.

"Бұл бағдарлама 10 пайызбен ипотека береді. Нағыз орта тапқа арналған. Ондай бағдарламаны табысы аз азаматтарға апарып тықпалаудың қажеті жоқ. Менің ойымша, құрылыс компаниялар беретін несиеге бөлетін субсидияны көбейту керек. Сонда нарық дамуы ықтимал", - дейді ол.