Bugin

Ресейдің Украинадағы бір айлық соғысына қанша қаржы кетті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бір-екі айдан кейін Ресейдің соғысуға қаржысы қалмайды. Қазірдің өзінде бір айдың ішінде $600 млрд қаржысын құртты. Жиырма жылдық Вьетнам соғысында АҚШ бұлай қаржы құртпаған.

Осылай дейді украинның әскери сарапшысы, запастағы полковник Виктор Кевлюк.

"Ресей Украинада бастаған соғысына бір айда $600 млрд қаржысын құртты. Бұл әлі бергі жағы. Ресей билігі қаза болған әскери қызметкерлердің жанұясына 7,4 млн рубль (қосымша тағы 5 млн рубльден төлемек) мен жаралыларға 3 млн рубль төлейміз деген еді, бірақ әлі төлеген жоқ. Ендеше шығын әлі өседі деген сөз. Шамамен, Украинаның Генштабының берген қаза болған/жараланған жауынгерлердің санын алсақ, онда ресей әлі азаматтарына $3,5 млрд төлеуі тиіс", - дейді Кевлюк.

Бұған тағы өртеніп, жарылып кеткен әскери техникаларды және басқа да операциялық шығындарды қосыңыз. Батыс сарапшыларының есептеуінше, ресей әскерінің көзі жойылған техникаларының жалпы бағасы $6 млрд тұрады екен. Бұған операциялық шығындарға (жөндеу, қосалқы бөлшек, жанар-жағармай, т.б.) кеткен $20 млрд-ты қосыңыз. Сонда бүкіл шығын $623 млрд болмақ.

"Ал Ресей Орталық банкінің халықаралық валюта қоры $643,2 млрд-дай. Демек, ресей бүкіл байлығын бір айда "жағып жіберді", - дейді сарапшы.

Қосымша ақпарат

2019 жылы АҚШ-тың Парсы шығанағындағы 7 айлық соғысына  $116,6 млрд, Кореядағы соғысқа –  $389,8 млрд (37 ай бойы), Вьетнамдағы соғысқа –  $843,6 млрд (17 жыл 9 ай), екінші Ирак соғысына – $1,01 трлн (7 жыл 5 ай) қаржы құртқан.

Ал Ресей Грузиядағы 5 күндік соғысқа $520 млн құртқан екен. Украинадағы бір күндік соғысқа ресей халқының қалтасынан $20 млрд қаржыдан кетіп жатыр.