Қоғам

Президентке үндеу жасаған ер адам денсаулығына зақым келтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оралдағы тергеу изоляторында кісі өлтіргені үшін сотталған азамат өзінің ішін кесіп тастаған. Ер адам полиция тергеушісі мен үкімді шығарған судьяны өзінің өліміне кінәлі деп айтқан видео хабарлама жазып қалдырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

31 наурызда желіде Қазақстан президентіне, үкіметке және құқық қорғау ұйымдарына жолданған видеоүндеу пайда болды. Ол РУ-170/1 мекемесінде түсірілген. Сотталған Виталий Туренков адам өліміне себепкер болғанына өкінетінін айтып, өлтіру ниеті болмағанын айтады.

«Әйелімді қорғауға шықтым. Ол мені көмекке шақырды. Мамандандырылған және апелляциялық соттар бұл істі ҚР Конституциясы мен заңы талап еткендей объективті және жан-жақты қарамай, әділетсіз үкім шығарды. Менің өліміме мамандандырылған соттың судьясы Ермахановты, апелляциялық сотты және бұрынғы полиция тергеушісі Ахметов Лұқпанды кінәлауды сұраймын», - деді ол.

Видеоға БҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті түсініктеме берді.

«Ұсталғандар өз денелеріне зақым келтіргеннен кейін жедел жәрдем шақыртып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Денсаулығы қанағаттанарлық, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Сонымен қатар, осы факті бойынша Орал қаласы Абай полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру тағайындады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ақпан айында 34 жастағы Виталий Туренков төтенше режимдегі колонияда 14 жылға сотталған. Ол 32 жастағы төрт баланың әкесін өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.