Әлем
Ресей президенті Владимир Путин газ жеткізу төлемін рубльге аудару туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа ережелер 1 сәуірден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Бүгін мен ресейлік газды саудалау ережелерін белгілейтін жарлыққа қол қойдым. Бізге қарсы шыққан елдердің контрагенттеріне нақты және ашық схеманы ұсынамыз. Ресейлік табиғи газды сатып алу үшін олар ресейлік банктерде рубль шоттарын ашуы керек. Дәл осы шоттардан ертеңнен бастап берілетін газ үшін төлемдер жасалады», - деді Путин.
Президенттің айтуынша, егер мұндай төлемдер жасалмаса, Ресей мұны сатып алушы тарапынан дефолт деп санайды.
«Бізге ешкім тегін ештеңе сатпайды, біз де қайырымдылықпен айналыспаймыз. Яғни, қолданыстағы келісімшарттар тоқтатылады», - деді мемлекет басшысы.
Путиннің айтуынша, газ жеткізу төлемін рубльге аудару Ресейдің «қаржылық-экономикалық егемендігін нығайту жолындағы маңызды қадам» болып табылады. Путин сонымен қатар ресейлік газдың Еуропа үшін арзан энергия екенін еске салды.