Әлем
Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Кейт Бедингфилд қазіргі уақытта АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы келіссөздерге дайындық жоспары жоқ екенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның пікірінше, жоғары деңгейдегі дипломатиялық байланыстар үшін ең алдымен Ресейдің Украина төңірегіндегі жағдайды айтарлықтай деэскалациялауды байыпты көрсетуі қажет. Бендингфилд Вашингтонның мұндай деэскалацияны әлі көрмегенін атап өтті.
Бұған дейін Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Нед Прайс америкалықтарды Ресей мен Украинадан кетуге шақырған.
«Біз АҚШ азаматтарын саяхаттау кезінде немесе АҚШ-тан тыс жерлерде олардың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін оқиғалар туралы хабардар ету жауапкершілігімізді байсалды түрде қабылдаймыз», - деп түсіндірді ол.