Bugin
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев облыстың қалай бөлінетінін айтып, кезектен тыс облыстық мәслихат сессиясында сөз сөйледі.
Әкімнің айтуынша, Алматы облысы екі облысқа – Жетісу және Алматы облысы болып бөлініп, қайта құрылады. Жетісу облысына екі қала қарайды да Алматы облысына бір ғана қала қарамақ. 352 елдімекен Жетісудің иелігінде, 380 елдімекен Алматы облысының еншісінде қалмақ.
"Алматы облысын екіге бөлу аймаққа қуатты экономикалық даму береді. Қазір облысты құру бойынша жұмыс комиссиясы жасақталды. Қазір Алматы облысының территориясын бөлу жобасы дайындалып, Жетісу облысынан ажырату жұмыстары қолға алынды", - дейді Бозымбаев.
Айта кетейік, сонда Алматы қаласы мен Алматы облысы маңында үш бірдей әкімшілік бірлестік құрылмақ. Бірі – Алматы қаласының өзі болса, екіншісі – Алматы облысы (орталығы – Қапшағай қаласы), үшіншісі – Жетісу облысы (орталығы Талдықорған қаласы).