Bugin

АҚШ пен Жапония тағы да Ресейге санкция салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинадағы жағдайға байланысты АҚШ пен Жапония тағы да Ресейге санкция салды. Бұл жайлы Reuters жазды.

Американың бұл жолы Ресейге салған санкциясы технология саласы бойынша. АҚШ Қаржы министрлігі Ресейде микроэлектроника мен микросызба өндірісін жолға қойған, соның өнімдерін экспорттаумен айналысатын 21 ұйым мен оның 13 басшысына санкция салды. Атап айтқанда, "Серния Инжиниринг", "Серталь", "Микрон" сынды ұйымдарға енді технологиялық өнімдер сатылмады және сатып алынбайды. АҚШ бұл компаниялары заңсыз қорғаныс құралдарын шығарумен айналысты деп айып тағып отыр.

Жапония билігі өз кезегінде Солтүстік Кореяға қару жасап беруге атсалысқан ресейлік ұйымдар мен азаматтарға санкция салды.

Тізімге Александр Гаевой, Александр Часовников және Роман Алар, сондай-ақ "Аполлон", "РК Бриз", "Зил-М" және "Парсек" компаниялары енгізілді. Сонымен қатар Қытай мен Ресейде тұрып жатқан Солтүстік Кореяның алты азаматына шектеу салынды. Егер бұл азаматтардың Жапонияда банктік шоттары мен активтері бар екені анықталса, олар дереу бұғатталады.