Bugin

Оңтүстік Осетия әскерилері Ресейге көмектесуден бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің бейбіт күштері орналасқан Оңтүстік Осетияның әскерилері Украинада соғысудан бас тартты. Бұл жайлы Медиазона жазды.

Басылымның жазуынша, РФ Қарулы күштерінің 4-ші әскери базасында орналасқан оңтүстік осетия жауынгерлерін Украинаға жібермек болған. Алайда осы әңгіме басталғаннан бері осетиялық сарбаздар қарсылық танытқан көрінеді.

Өз кезегінде Оңтүстік Осетияның «экс-президенті» Эдуард Кокойты да жауынгерлерін жіберуге қарсылық танытқан.

«Әскерилерде дұрыс киім-кешек пен қару-жарақ жоқ. Өз ақшасына алып жүр. Біздің сарбаздар – ит-құсқа жем қылар тіршілік иесі емес. Онсыз да біз халқымызың генофондынан айырылып барамыз», - деп уәж айтқан экс-президент.

Ал Украинада жүрген оңтүстік осетиялық сарбаздар 30 наурыз күні отанына қайтып оралған. Грузияның Twitter-дегі OSINT Visioner аккаундты жариялаған дерекке сүйенсек, тіпті, Украинадан қайтқан бұл сарбаздар еліне жаяу келген екен. Ал өздерінің ресейлік генералдарын өлтірмек болған.

Айта кетейік, Оңтүстік Осетия - бұрын Грузияның құрамында болған аймақ. Алайда Ресей әскерлері оны грузин соғысында басып алып, бөлек аймақ ретінде қалдырған. Бұл елдің тәуелсіздігін тек 5 мемлекет қана қолдаған. Қазір Ресейдің бейбіт әскері орналасқан осында.