Bugin
Ресейдің Белгорд қаласына украинаның екі тікұшағы келіп бомба тастады. Түскен бомбадан мұнай базасында өрт шыққан.
Бұл туралы Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзінің Telegram-каналында жазды.
"Мұнай базасындағы өрт Украина қарулы күштерінің екі тікұшағы кеп әуе соққысынан жасаудан шықты", - деп жазды Гладков.
Аймақ басшысының айтуынша, оқиға салдарынан ешкім қаза тапқан жоқ, өртті сөндіруге қажетті барлық мүмкіндіктер бар. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі өртті тез арада оқшаулауға тырысуда.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі РБК агенттігіне «Белгороднефтепродукт» АҚ мұнай базасындағы өрт туралы ақпарат Мәскеу уақытымен 5:51-де түскенін хабарлады. Оқиға орнына жеткен мамандар жанармай бөшкелерінің жанып жатқанын анықтады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам (кәсіпорын қызметкерлері) зардап шекті. Өрттің 2-ші дәрежесі жарияланды. Жоюға 70-ке жуық адам мен 20 техника жұмылдырылған» делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Ресейдің Белгород қаласы - Украианамен шекараға жақын орналасқан, Харьковтан 80 шақырым жерде жатқан қала.
Дегенмен бұл ақпаратты Украина тарабы жоққа шығарды.