Bugin

Германия Ресейдің екі ұлттық компаниясын тартып алмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германияның экономика министрлігі Ресейдің "Газпром" мен "Роснефть" ұлттық компанияларының бөлімшелерін национализациядан өткізбек. Нақтырақ айтсақ, аталмыш энергетикалық концерннің Германиядағы бөлімшелері неміс мемлекетінің меншігіне өткізу талқылап жатыр.

Бұл жайлы Reuters жазды.

Германияның экономика министрлігінің айтуынша, ресейдің осы екі компаниясын мемлекет меншігінде ұстаса, энергетикалық тәуелсіздікке бір қадам жақындамақ. Бұл екі компания да Германияны электрэнергиямен қуат көзімен қамтамасыз ету саласында – өте маңызды концерндер.

Gazprom Germania-ның иелегінде Гермениядағы ең үлкен газ сақтау қондырғысы орналасқан. Ал Rosneft Deutschland болса, бензин мен дизельді сатумен айналысады.