Bugin
Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин жақын күндері Ыстамбұлда кездесуі мүмкін. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Hurriyet басылыман сілтеме жасап.
Ердоғанның айтуынша, Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздер барысында жасалған келісімдер екі ел президенттерінің кездесуіне негіз болды.
- «Осы кездесуді Ыстамбұлда өткізіп, келеңсіз процестерді кері қайтарып, оң жолға бағыттай алсақ, біз қуанамыз», - деді Түркия басшысы.
Ердоған кеше Украина президенті Зеленскиймен сөйлескенін, бүгін Путинмен сөйлесетінін айтты. Ол Зеленскийдің Путинмен жеке кездесу мүмкіндігіне оң көзқараста екенін атап өтті.
- «Біз мұндай кездесуді ұйымдастыруға дайын екенімізді, әсіресе Қырым мен Донбассқа қатысты қадамдар тұрғысында мәлім еттік. Зеленскийдің пікірі оң. Путин де бұған дейін оң сөйлеген. Бүгінгі әңгіменің қорытындысы бойынша кездесу күні анықталады», - деді Ердоған.