Bugin

Путиннің қатерлі ісікке шалдыққаны рас па? - Песков жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин қалқанша безінің қатерлі ісігімен ауырып, онкологиялық ауруларға байланысты ота жасады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бірқатар БАҚ-та пайда болған ақпаратты Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жоққа шығарды. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Эхо Москвы» телеарнасының бұрынғы бас редакторы Алексей Венедиктовтың Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистің айтуынша, Кремль өкілі мұндай мәлімдемелерді «ойдан шығарылған және өтірік» деп атаған.

- «Владимир Путинде қатерлі ісік жоқ екені рас па?» деген сұраққа Песков: «Рас», - деп жауап берген.