Bugin
Ақмола облысында тексеріс жүріп, екі елдің төлқұжатын ұстап жүрген азаматтар Қазақстан азаматтығынан айырылды.
ҚР Конституциясына сәйкес, екі елдің азаматтығын қоса иеленуге болмайды. Егер басқа елдің азаматтығын алған болса, ондайлар Қазақстан азаматтығынан айырылады.
Қос төлқұжатпен жүру – әкімшілік құқықбұзушылыққа жатады, 200 АЕК (612 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе Қазақстаннан депортация жасалады.
Ал басқа азаматтың төлқұжатымен жүргені үшін 100 АЕК (306 мың теңге) есебінде айыппұл салынады.