Bugin
Украинаның контршабуылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. 4 наурыз күнгі деректерге сенсек, орыс әскері Киевтің әскерін кері шегіндіріп алып кетті, Украинаның батыс жағы толық тазартылды.
Алайда Киевтен шегінген ресей әскері қазір шығысқа жылжып, Донбасс пен Мариуполь маңын мықты қорғанысқа алды.
Украинаның шығыс жағы қазір жау әскері жинақталған аймаққа айналды. Харьков пен Херсон, Мариуполь қалалары маңында қиян-кескі ұрыстар болатын сыңайлы.
Орыс әскері басып алған Запорожье мен Херсон облыстарында қорғанысқа көшті.
Британ барлау қызметінің айтуынша, Ресей әскерінің негізгі мақсаты Мариуполь қаласын бермеу, соны толықтай басып алу болуы мүмкін. Өйткені бұл қала – 2014 жылы Ресей басып кірген Қырым аймағы мен Ресейдің құрлық шекарасын тікелей байланыстырып жатқан аумақ.
Украинаның Ішкі істер министрлігі кеңесшісі Вадим Денисенконың айтуынша, Ресей әскерінің қазіргі мақсаты шығыс пен оңтүстіктегі украина әскерін қоршап, соны талқандау.
"Сондықтан негізгі қиян-кескі ұрыс Мариуполь маңында өтері анық. Луганскі облысын да қайтару қиынға соғады. Украина-Ресей соғысының немен аяқталатыны дәл осы қалалар маңында болған шайқастар шешері хақ. Сондықтан аралық ұрыста жеңілмеуіміз керек", - дейді Вадим Денисенко.
Ал журналист, редактор Юрий Бутусовтің ойынша, бүкіл сәуір айы соғыспен өтпек.
"Ресей әскері Киев түбінде жеңілгенімен, қуануға әлі ерте. Жағдайға тура қарауымыз керек. Ресей әскерінің қолында әлі мыңдаған техника мен мол қару-жарақ, авиация мен зымырандары бар. Орыс әскері әлі қуатты. Оның үстіне, Путин жалдамалы әскер әкелудің қамын жасап жатыр. Бүкіл украин халқының тағдыры қазір ұрыс даласында шешілгелі тұр. Путиннің енді бір-ақ мақсаты қалды. Ол – әскерін локальды аймақтарға жинап, Украина елінің барынша көбірек жерін басып алып, өзіне қосып алу.
Соғыс әлі ұзақ созылады", - дейді Юрий Бутусов.