Bugin

Ангела Меркель Зеленскийдің сынына жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті В.Зеленский кеше, 3 наурыз күні, батыс елдеріне үндеу жасап, Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель мен Францияның экс-президенті Николя Саркозиді украин әскері азат еткен Буча қаласына шақырған еді. 

Киев маңындағы Буча қаласын басып алған орыс әскері 300-ден астам бейбіт тұрғынды жазықсыз өлтірді деп айып тақты Украина билігі. Кейбір бейбіт тұрғындардың қолын байлап оққа байлаған, қорлық-зомбылық көрсеткен деген айыптар тақты. Қанша бейбіт тұрғынның жау қолынан қаза тапқаны әлі белгісіз, есептелу үстінде.

Батыс елдері Ресей әскерінің бұл ісін геноцид деп баға берді. Украина билігі де осылай атады.

Соған орай В.Зеленский Ангела Меркель мен Николя Саркозиді Буча қаласына шақырып, бейбіт тұрғындардың қалай қаза тапқанын көруге үндеген еді. Ондағы мақсаты – кезінде осы екі басшы Украинаны НАТО-ға қабылдауға қарсылық білдіргенін еске салу болғанға ұқсайды.

"Мен Меркель ханым мен Саркози мырзаны Бучаға барып, 14 жыл ішінде Ресейге жеңілдік саясатының неге әкелгенін көруге шақырамын. Азап көрген украин халқын көзбен көріңіздер", - деген еді.

Әрі сөз барысында Батыс елдерін Украинаны НАТО-ны мүшелікке қабылдамағанына кінә артпайтынын, кінәлауға да хақысы жоғын айтты.

"Алайда осының бәрін (геноцид пен қырып-жоюды – ред.) көре тұра батыс елдерінің қимылдамай отырғанына таңымыз бар", - деген еді Зеленский.

Ал бұған Германияның экс-канцлері Ангела Меркель түсініктеме беріп, пікір айтқан екен.

"Неміс үкіметінің экс-басшысы Украинаны НАТО-ға қабылдауға қарсылық білдіргеніне өкінбейді. 2008 жылы Бухарест қаласында қабылдаған шешімін әлі де дұрыс шешім деп таниды", - деп пікір білдірді Меркельдің баспасөз қызметі.