Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы төмендей ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан халық партиясы әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа төмендетуді Конституциямен бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сонымен қатар партияның орталық аппараты саяси бюросы тағы төрт бастама туралы айтты.

Партияның жаңадан сайланған төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, жаңартылған Конституция халық билігі, халық меншігі және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын толыққанды көрініс табуы шарт.

«Біріншіден, жер, оның қойнауы мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі. Біз әрбір қазақстандықтың жер мен пайдалы қазбаларды иеленудің, одан табыс алудың конституциялық құқығын бекітуді ұсынамыз.

Екіншіден, мемлекет ерлер үшін 63 жастан, әйелдер үшін 58 жастан бастап зейнетке шығуға кепілдік береді. Біз негізгі әлеуметтік кепілдік ретінде Конституцияда азаматтардың зейнетке шығу жасын белгілеуді және бұл мәселеде алдағы бірнеше жылға нүкте қоюды ұсынамыз. Бұл ретте әйелдер үшін зейнет жасын арттыру шешімін түзетіп, оны 58 жасқа дейін төмендету қажет деп санаймыз.

Біз зейнетақыны, шәкіртақыны және бюджеттен төленетін барлық әлеуметтік төлемдерді жыл сайын міндетті түрде инфляция деңгейіне индекстеу туралы түзетуді ілгерілететін боламыз. Бұл шығыстар басым сипатқа ие болуы керек және Үкіметтің шешімдеріне тәуелді болмауға тиіс.

Атқарушы билікке парламенттік бақылауды күшейту қажет. Министрлер депутаттарға үнемі есеп беруі керек. Есеп бекітілмеген және сенімсіздік білдірілген жағдайда министрлер отставкаға кетуге тиіс», — делінген партия мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Қазақстан Халық партиясы осы түзетулерді Конституцияға енгізуге ниет білдіріп отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61