Саясат
Алимент төлемегендердің көлігін тартып алып жатыр
«Өңірлік жеке сот орындаушыларының палатасының мәліметі бойынша осы аптада алимент төлеуден жалтарып жүрген төрт азаматтың көліктері айыппұл тұрағына қойылды. Борышкерлердің біреуі 520 мың теңге көлеміндегі қарызын жауып тастағандықтан оның көлігі қайтарып берілді. Екінші азамат көлігін алимент қарызы үшін бұрынғы жұбайының атына аударды. Қалған екі көлік бағалаудан өткен соң аукционға қойылып, саудадан түскен қаражат алимент төлемдерін жабуға жұмсалады», - деді әкім.