Әлем
Оңтүстік кореялық режиссер, танымал «Squid Game» телесериалының сценаристі Хван Дон Хек 2024 жылдың соңында драманың жаңа маусымы шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Хван Дон Хек екінші маусымның сценарийінің үш бетін жазып қойғанын айтты.
«Әлі біраз жұмыс істеуім керек. Егер бәрі сәтті болса, оны жанкүйерлерге 2024 жылдың соңына дейін ұсынамын деп ойлаймын», - деді режиссер.
Бұған дейін америкалық Netflix компаниясы Хван Дон Хек түсірген оңтүстік кореялық «Squid Game» сериалының ресми түрде екінші маусымға ұзартылғанын растаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айында режиссер Хван Дон Хек драманың екінші маусымы болатынын растап, келесі маусымның тақырыбы туралы айтты. Бұдан бөлек ол Netflix-пен сериалдың үшінші маусымын түсіру туралы келіссөз жүргізіп жатқанын да айтып өтті.