Bugin

Сыртқы істер министрі: «Қазақстан «ДХР» мен «ЛХР»-ды мойындамайды»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Украинада өздерін-өздері жариялаған «Донецк халық республикасы» мен «Луганск халық республикасы» деген құрылымдарды мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

– «Біз дәл қазір «Донецк халық республикасы» мен «Луганск халық республикасын» мойындамаймыз. Еуропа одағы мен АҚШ-тың Ресейге санкцияларына да қосылмаймыз. Бірақ біз үшін екі нәрсе маңызды. Біріншіден, санкция Қазақстан экономикасына кесірін тигізбеуі керек. Екіншіден, еліміз санкцияларды айналып өтетін жер болмауы керек», – деді ол.