Bugin

Зейнетақы мөлшері тағы да өседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері тағы 9 процентке индексацияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- «Негізінен, бұл зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар. Шамамен 9 процентке индексацияланады. Бюжет нақтыланып, мәжіліс пен сенаттың қарауынан өтеді. Кейін президент "республикалық бюджет туралы" заңға қол қояды. Одан кейін оны іске асыру жайлы қаулы қабылданады», – деді ол.

Министрдің айтуынша, шамамен маусым-шілде айларында зейнетақы мен жәрдемақы өседі.