Саясат

Зыряннан Алтайға, Алтайдан сотқа дейін

Кім қарсы болуы мүмкін?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірнеше апта бұрын ғана Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданын «Алтай» деп атау туралы шешім қабылданып, халық бір қуанып қалды. Алайда қарсы шығушы тараптың бар екенін белгілі болды. 

Altaynews сайтына шыққан ақпаратқа жүгінсек, «Алтай» атауын жақтаушы топ өздеріне жабылған жаладан арылу үшін сотқа шағымданатындарын жеткізген.

 

«Алтай» атауын жақтаушы топтың ішінде Надежда Акулова есімді тұрғынның мұндай жағдайға таң қалып отырғаны баяндалады. Оның сөзінше, 20 мың халық дауыс беру нәтижесінде ешқандай шағым не қарсылық болмаған. Бұл бір адамның өз атынан халықтың қолдауына қарсы келуі деп есептейді. Ал қала әкімі Константин Передельский бәрінің заңнамаға сәйкес өткенін алға тартты.

 

Айта кету керек, «Алтай» атауына байланысты дау туындауы мүмкін ғой деген сайтымызда мақала жарық көрген болатын. Қазақта бір құмалақ  бір қарын майды шірітеді деген сөз бар. Бір адамның қарсы болуы, сотқа дейін барамын деп шағым түсіруі ойланатын жайт.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61