Путиннің досы Ресейге салынған санкцияларды қолдайтынын жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейлік олигарх және Путиннің досы Владимир Лисин Украинада қалалар қирап, адамдар өліп жатқанда, санкцияларға шағымдану ұят екенін айтты. Сонымен бірге ол Ресей экономикасы күйреу алдында екенін, ал биліктің әрекеті жағдайды одан сайын ушықтырып жатқанын мойындады. Бұл туралы ол «Коммерсант» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Лисиннің бұл ұстанымы Путинге ұнамайтыны анық, бірақ кәсіпкер үндемеуді жөн көрмеді.

- «Жылдар бойы қалыптасқан жеткізу тізбегі, логистика, төлем және қаржылық инфрақұрылым бұзылуда. Осының аясында ойын ережелері күн сайын өзгеруде, жаңа шектеулер пайда болуда. Жоғары белгісіздік жағдайында біз бизнес-процестерді өзгертіп, әлеуметтік міндеттемелерімізді орындауға тырысып жатырмыз», - деді Лисин.

Бұл ретте миллиардер Путиннің төлемдерді рубльге аудару идеясын сынға алды. Сонымен қатар ол Ресейге қарсы санкцияларды қолдады, оларды Батыс елдерінің толық ауқымды әскери араласуына балама деп атады.

- «Гуманитарлық апат жағдайында жеке мәселелер туралы шағымдану ұят. Санкциялар, ұжымдық жауапкершілік элементтері бар, қаласаңыз, әділетсіз болып көрінуі мүмкін, бірақ олар адамдардың өлімін және жойылуын тоқтатуға тырысуда», - деді Лисин.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61