Bugin
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі қызметіне Айбек Қосуақов тағайындалды.
Бүгін, 5 сәуірде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибагаровтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды.
ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды.
Депутаттар Маңғыстау облысының әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.