Bugin

Тоқаев Украина-Ресей жанжалына қатысты мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Ресей  мен Украина арасында жанжал жақын арада шешілетініне сенімді. Бұл жайлы ол АҚШ-тың The National Interest атты журналына берген мақаласында мәлімдеді.

«Ресей мен Қазақстанның құрлық шекарасы – әлемдегі ең ұзын шекара. Сондықтан көрші елмен біте қайнасып жататынымыз түсінікті. Тығыз қарым-қатынас ұстанған елдерміз. Украинамен де жақын достық қатынастамыз әрі оның территориялық тұтастығын әлем елдері мойындағаны сынды біз де мойындаймыз. Екі дос елдің арасындағы жанжал жақын арада БҰҰ-ның Жарлығына сәйкес бейбіт шешілетініне сенімдімін», - деп жазды Қазақстан президенті.

«Президент Владимир Путинмен де, президент Владимир Зеленскиймен де тікелей сөйлестім. Әскери іс-қимылды бейбіт жолмен реттеп, ортақ диалогқа келуін өтіндім. Қазақстан екі елдің арасында диалог көпірі, бейбітшілік елшісі болғысы келеді», - деп атап өтті Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, биыл Еуразия кеңістігі үшін қиын жыл болып тұр. Өйткені жыл басында-ақ Қазақстандағы қаңтар трагедиясы болғаны бәрінің есінде.

«Сол оқиғадан еліміз әлі ес жия алмай жатыр. Халқымыз тағы сондай қасіретке тап болмауы тиіс. Ең алдымен, жұртымыз заңды талап-тілегін қорықпай айта алатын деңгейге жетуі тиіс. Содан кейін елді аяқтан тұрғызатын іс-шараға көшеміз», - деп толықтырды сөзін қазақстан басшысы.