Bugin

Ағылшын жазушысы қазақ тарихы туралы кітап жазды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордада ұлыбританиялық жазушы, саяхатшы Ник Филдиңгтің "Ұлы дала саясатшылары: Папа елшілерінен бастап, Ресей революциясына дейін" атты кітабының таныстырылымы өтті. Бұл жайлы inbusiness.kz жазды.

Кітап ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударылған. Онда шетелдік жазушы қазақ даласында сапар шеккен саяхатшылар мен олардан қалған тарихи мұраны түгендеуге тырысқан.

"Бұл кітапта қазақ даласы, саяхатшылар туралы қызық деректер бар. Бұл 1 мың жылдық тарихты қамтиды. Мен тарихи деректерді зерттеп, осы кітапты жаздым. Бұл қазақ даласы туралы ағылшын тілінен аударылған алғашқы кітап болып саналады", - деді Ник Филдиң.

Ол бұл кітапты жазу үшін біраз жыл еңбектенгенін атап өтті.

"Мен Жетісу өңіріне 10 жылдан аса уақыт саяхат жасадым. Нәтижесінде көптеген тарихи дерек жинадым. Мысалы, қазақ даласында болған шетелдік саяхатшылар туралы қызық мәліметтер таптым. Ұлы далада болған саясатшының бірі – Джон Кассел", - деді жазушы.

Ник Филдиңтің айтуынша, Джон Кассел қазақ даласында 1730 жылдары болып, кіші жүздің ханы Әбілқайырмен кездескен.

"Ол ханның портретін салған, әрі оның әңгімелерін қағаз бетіне түсіріп отырған. Сондықтан бізде ағылшын тілінде жазылған кіші жүздің ханы туралы құнды мәліметтер бар. Менің ойымша, бұл оқырманға өте қызық болуы керек", - деді британдық жазушы.

Кітаптың таныстырылымына Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич, Qazaq Geography басқарма төрағасы Орман Нұрбаев, шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері, тарихшылар, этнографтар, өлкетанушылар, ғалымдар қатысты.