Bugin

Қытай гидтерінің Қазақстанда жұмыс істеуіне тыйым салынбақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Әділет министрлігі ішкі туризмді дамыту мақсатында әрі кейбір проблемаларды шешу үшін Әкімшілік кодекске өзгерістер дайындап жатыр. Сондай проблемалардың бірі – қытай гидтерінің теріс ақпарат беруі.

Сала мамандары ҚХР туристерінің өздерімен бірге қытай гидін ала келетінін сынап жүр. Ол гид қытай туристеріне қазақ мүддесіне, Қазақстан тарихына қарсы ақпараттар беруі мүмкін. Алматы өңірінде Қырғызстан азаматтары да осы кәсіппен айналысатыны жасырын емес. Олар да Қазақстан тарихын, жергілікті жер-су аттарының тарихын терең білмейді.

Негізі, елімізде шетелдік гидтердің жұмысына заң жүзінде тыйым салынған, енді оны тәжірибеде жүзеге асыру көзделіп отыр. Ол үшін де заңды түзету керек екен.

"Бүгінде Қазақстанның азаматы болып табылмайтын және туризм саласында даярлығы жоқ гидтердің, туризм нұсқаушыларының және экскурсия жетекшілерінің туристік қызметтерді көрсету жағдайлары жиілеп кетті. "ҚР-дағы туристік қызмет туралы" заңының 23-бабы бойынша гидтен, туризм нұсқаушысынан, экскурсоводтан міндетті түрде Қазақстан азаматы болуы талап етіледі. Бірақ қолданыстағы Әкімшілік кодексте оны бұзғаны үшін еш жауапкершілік қарастырылмаған. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары мен шетелдіктердің гидтерден шынайы және тексерілген ақпаратты алу құқығын қорғау бағытында шаралар қабылдау қажет. Сонымен бірге, елімізде шетелдік гидтердің, туризм нұсқаушыларының, экскурсия жетекшілерінің жұмыс істеуне тосқауыл қою керек", – деді Әділет министрі.