Bugin

НАТО: Ресей тағы бір жойқын соққыға дайындалып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Украинадағы әскерін елдің шығысы мен оңтүстігіне қарай топтастырып, тағы бір жойқын соққыға дайындалып жатыр. Осылай дейді НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг.

«Қазір біз Ресейдің әскерді Украинаның шығыс жағына қарай жинап жатқанын көріп отырмыз. Ондағы мақсаты – Донбасты қоршап, Қырымға дейінгі құрлықжолды басып алу. Сондықтан соғыс енді қызды», - дейді Столтенберг.

Оның айтуынша, орыс әскерінің геноциді Буча қаласындағы қырғынмен шектеліп қалмасы анық. Басып алған ірілі-ұсақты елдімекеннің бәрінде қырғын жасағаны болуы мүмкін.

«Оны ресей әскері кері шегінгеннен кейін ғана көреміз. Украина ол жерлерді азат еткеннен кейін бейкүнә жұрттың қалай қырылғанын талай көрері хақ. Әскери қылмыстың талайына куә болады», - деді Столтенберг пресс-конференцияда.

Оның айтуынша, НАТО Украинаға соңына дейін көмектеспек.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61