Bugin

Қадыров пен Песков сөзге келіп қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украинада жүріп, генерал-лейтенант атағын алған өзін құттықтамай, Ресейден кетіп қалған тележүргізуші Иван Ургантты патриот дегені үшін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзімен келіспеді, деп хабарлады Bugin.kz порталы БАЗА Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

– «Еліңнің патриоты болу үшін шетелге қашып кетіп Ресейдің әрекетін сынау керек екен. Және аянышты түрде айналаға шу туғызу керек екен. Сөйтіп шнәрсе болмағанына қарамастан қайтып оралу керек екен», – деп жазды Қадыров.

Бұған дейін журналистердің сұрағына жауап берген Песков Ресей әскерінің Украинадағы «әскери операциясын» қолдамайтындар мен Ресейден кетіп қалғандардың бәрін бірдей «сатқын», «бесінші колонна» деуге болмайды деген еді.

– «Тележүргізуші Иван Ургант – патриот, мен оны жақсы білемін, оның өзіндік көзқарасы бар шығар, бірақ ол патриот», – деді РФ президентінің баспасөз хатшысы.

Дмитрий Песков Рамзан Қадыровтың сынына:

«Мұндай сәтте кімнің патриоты көбірек екеніне бәсекелесудің қажеті жоқ» деп жауап берді. Сондай-ақ ол «қажет болғанда елі үшін кез келген құрбандыққа баруға» дайын жандардың барлығын патриоттар деп санайтынын түсіндірді