Bugin
Ресей Новороссийск портындағы дауылды сылтауратып, Еуропа одағына Қазақстаннан баратын мұнай тасымалына бөгет жасауда, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Германияның «Handelsblatt» газетіне сілтеме жасап.
- «Оның мақсаты – Украинаға соғыс ашқаны үшін Ресейге санкция жариялаған елдерде мұнай бағасын қымбаттатып, Еуроодақтың экономикасына зардап шектіру. Каспий құбыр өткізу концорциумының штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан. Бұл мұнай құбыры Ресей аумағы арқылы өтеді. Консорциумда ресейлік фирмалардың үлесі басым. Бірақ құбырдағы мұнай Қазақстанда мұнай өндірумен айналысатын Chevron, Shell және Eni секілді батыстық фирмаларға тиесілі» - деп жазған газет.