Әлем
Сергей Лавров Бучадағы оқиғаға байланысты пікір білдірді
АҚШ пен оның одақтастары Ресейге жаңа санкциялар салмақ. Соның ішінде қаржы мекемелеріне, лауазымды тұлғалар мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға шектеу қойылды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Кремльді жазалауға қатысты шешім бүгін қабылданады. Санкцияларды енгізуге Украинаның Буча қаласындағы оқиға себеп болған.
«АҚШ пен оның еуропалық одақтастары Ресейге санкциялар салу туралы мәлімдемелерді сәрсенбі күні жариялайды. Бұл ресейлік шенеуніктерді жауапқа тартуға бағытталған іс-әрекеттердің жалғасы болмақ. Украина келіссөздерді болдырмауға әрекеттеніп жатыр. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Киев пен Батысты осылай деп айыптады. Оның айтуынша, Бучадағы жантүршігерлік көріністерді Украина тарапы қасақана ұйымдастырған», - дейді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки.
«Соңғы күндері Батыс пен Киев Украина әскері Бучада түсірген бейнежазба арқылы дүрбелең тудырып, теріс үгіт-насихат жасап жатыр. Мұндағы басты мақсат – Украинамен арадағы келіссөздерді болдырмау. Біз Киевтен зымияндықпен айналыспауды талап етеміз. Бізде Бучадағы бейнежазбаларды Украина әдейі қолдан ұйымдастырып отырғанын дәлелдейтін толық айғақ бар. Бұл назарды басқаға аудару амалы», - дейді РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров.