Қоғам

Түркістан тұрғыны зейнеткерді тірідей өртеп жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысының тұрғыны зейнеткерді тірідей өртеп жіберген. Бұл оқиға Шымкенттен 30 шақырым жердегі Сайрам ауданында болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, екі ер адамның екеуара жанжалдасуының нәтижесінде осы оқиға орын алған. Төбелесіп таяқ жеген ер адам ашуланып, өшін алу үшін бензин алып келген.

Терезені сындырып, аулада айқай салған кезде үйден зейнеткер әйел аулаға шыққан. Ішімдік ішкен ер адам оған бензин шашып, өртеп жіберген.

Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті де ұсталды.

Олардың біреуіне қатысты ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот шешімімен кепілге жіберілді. Екіншісіне қатысты ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

«Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді полицейлер.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61