Bugin

Дулат Исабековтің жары қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жазушы, драматург Дулат Исабековтің жары Нұрғайша Жармұқамедова қайтыс болды. Қаралы хабарды мәжіліс депутаты Қазыбек Иса айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Қазақ әдебиетінің классигі Дулат Исабековтің үйіндегі жеңгеміз Нұрғайша Жармұқамедова қайтыс болды деген хабар қабырғамызды қайыстырып кетті. Ол кісі ауырып жүрген жоқ еді, бүгін таңертең жүрегі ұстап қалды дейді.

Жақында ғана көкемізге сәлем беруге үйге барғанда жарқылдап жүріп қарсы алып, сексенге келсе де сергектігін көрсетіп, келіндерден бетер жүгіріп, дастарханын жайып шығарып салып еді», – деді ол.