COVID-19
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейде. Алайда, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният адамдар көп жиналатын орындарда маска тағуға кеңес берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Қазір Қытайда «омикронмен» науқастану көлемі артып жатқанын білесіздер. Бірқатар Еуропа елдерінде сырқаттану деңгейі өсіп отыр. Сондықтан елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр. ПТР-тест қорытындысынсыз, вакцинация паспортынсыз тек өз азаматтарымыз ғана емес, шетелдіктер де ел аумағына кіре алмайды», – делінген министр хабарламасында.