Bugin
Қазақстандағы олигархтардың байлығы мен олардың монополиясы елдің жұмысшылары мен орта тапқа қайтарылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың The National Interest журналында жарық көрген «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» мақаласында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Инклюзивті даму тұрақты емес. Сондай-ақ олигархтардың жинаған мол байлығы мен олардың монополиясы елдің жұмысшылары мен орта тапқа қайтарылады. Біздің Үкімет реформаларды дайындағанда азаматтық қоғам мен қоғам пікірін мұқият тыңдады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, жүйе бұрынғыдай аз ғана адамның мүддесіне емес, барша адамға жұмыс істеуі тиіс», - деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Тоқаев мақалада кедейшілікті азайту туралы тапсырма бергенін де айтып өтті.