Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресейдің геосаяси жағдайға байланысты ғарыш айлағын жалға беру мерзімінен бас тарту немесе қысқарту мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин жоспарлары өзгермегенін айтты. Олар Қазақстанмен жұмысты жалғастырып, жоспарланған ғарыштық бағдарламаларды дамытатындарын мәлімдеді. Әрине, ресейлік әріптестерімізбен келіссөздер жүргіземіз. Себебі уақыттың бір орнында тұрмайтыны түсінікті. Бізде 15-20 сәуір күндері бірқатар мәселелер бойынша, соның ішінде алдағы жылдарға жоспарланған перспективалық жобалар бойынша келіссөздер жоспарланған», - деді министр.
Сонымен қатар Бағдат Мусин Ресей Байқоңырды жалға алғаны үшін жыл сайын шамамен 47 миллиард теңге төлейтінін айтып өтті. Айта кетейік, жалға алу шарты 2050 жылға дейін жасалған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61