Bugin

Дәрігерлер өзіне қол жұмсаған Мөлдір Бекееваның жағдайы туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дәрігерлер өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Олардың айтуынша, Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсау үшін көп мөлшерде дәрі ішкен. Алайда бұл дәрігерлердің алдын ала болжамы ғана.

Айта кетейік, Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы ауруханаға 6 сәуірге қараған түні түскен.

«Науқас түнгі сағат 1.30-да жедел жәрдем көлігімен Шымкент қаласындағы Гипербарикалық оттегі терапиясы орталығына жеткізілді. Дәрігерлер оны дереу тексеріп, жансақтау бөліміне жатқызды. Түскен кезде жағдайы өте ауыр, бірінші дәрежелі комада болды. Қазір ол ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты, ауыр», - деді дәрігерлер.

Суицид жасаған журналист Назарбаевтың құдасы Дәлбековті айыптады