Bugin
БҮГІН, 6 сәуір күні, ҚР президенті Қ.Тоқаев пен Қырғызстанның президенті С.Жапаров телефонмен сөйлесті. Бұл жайлы Ақорда жазды.
Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады.
Мемлекет басшысы биылғы мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады.
Бұдан бөлек президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.