Bugin

Назарбаевтың немересі иемденген компанияға тексеріс жасалмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан үкіметі экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиевтің компаниясы тексеріп жатыр. Егер мемлекетке шығын келтірген компания болса, өтемақы төлетпек.

Бұл жайлы бүгін, 6 сәуір күні, Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды.

ҚР премьер-министрі баспасөз қызметінің дерегінше, Нұрәли Әлиевтің "Транстелеком" АҚ-сы қазір Каспий теңізінің асты арқылы талшықты оптикалық желі тартумен айналысып жатыр. Бірақ жұмысты уақтылы бітіре алмай жатқан көрінеді, әсіресе Әзірбайжан еліндегі тараптармен келісім жасай алмауда. Сондықтан комиссия мүшелері бұл маңызды шаруаны Әлиевтің компаниясына сеніп тапсырмау керек деп отырса керек.

Өз кезегінде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Цифрлық даму министрлігіне Әзірбайжан тарабымен байланысып, қазақстандық операторды қызметтен алып тастау жайын реттеуді тапсырды.

"Транстелеком" компаниясы – жергілікті, қалааралық және халықаралық байланыс, Интернетке қол жеткізу, жылжымалы радиотелефон байланысы, ұялы байланыс, жылжымалы радиобайланыс, дербес радиобайланыс қызметтерін және басқа да телекоммуникациялық қызметтерді көрсететін қазақстандық оператор.

Оны Назарбаев немересі Нұрәлі Әлиев 2021 жылы жазда сатып алған. Қазір "Транстелеком" АҚ-ның 75 пайыз акциясы Әлиевтің "Unit Telecom" ЖШС-на тиесілі. Қалған 24 пайызы Қазақстан Темір жолының үлесінде.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күнгі халыққа жолдауында монополизация мен олихорхияның алдын алу, оны болдырмай жөнінде сөз қозғаған еді. Содан бері қазақстандық үкімет монополия компанияларды тексеру мен шетелге кеткен қаржыларды қайтару бойынша жұмыстарды қолға алды.