Bugin

Путин Киев түбіндегі әскерін неге кері шегіндіргенін түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

29 наурыз күні Украинаның астанасы – Киев қаласы маңындағы ресей әскерінің бір бөлігі кері шегініп, Беларусь еліне қарай қайтып кеткен еді. Кейін қалғаны қайтты.

Бүгін, 6 сәуір күні, РФ президенті В.Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің бұл әскерді не үшін кері шегіндіргенін түсіндірді.

"Бұл – Кремль билігінің келісімге дайын екенін көрсету белгісі еді. Ресей билігі келіссөзді ойдағыдай өткізу үшін әрі өзінің ниеті дұрыс екенін жеткізу үшін Владимир Путин әскерді аймақтан шығаруға бұйрық берді", - деп келдірді Песковтің сөзін РИА Новости.

Еске сала кетейік, 29 наурыз күні Украина мен Ресейдің келіссөз делегациялары Ыстамбұл қаласында кездесіп, 4 сағат бойы келіссөз жүргізген еді. Сол күні Ресей Қарулы күштері де Киев түбіндегі ұрыс қимылдарын тоқтатынын хабарлады.

Қазір Украинаның батыс жағында ресей әскері жоқ, барлығы Украинаның шығысына қарай топтасуда.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61