Bugin

Итальяндар Соловьевтің қымбат вилласын өртеп жіберді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей тілшісі, Путиннің саясатын жақтаушы Владимир Соловьевтің Италиядағы қымбат вилласын біреулер өртеп кетті. Оның вилласы Комо өзені бойында, Менаджо қаласынның шетінде-тұғын.

ANSA басылымының жазуынша, вилланы кім өртегені белгісіз. Өрт сөндірушілер тез жетіп, жалынды жылдап сөндіріп үлгерген. Үйдің өзі аман.

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ал Соловьевтің тағы вилласы – Пьянелло-дель-Ларио қаласындағы үйінің сырт қабырғасын әлдебіреулер келіп, "соғыс тоқтасын!" деп плакаттар жабыстырып кеткен.

Соловьевтің Италиядағы бұл екі вилласын да Еуропа үкіметтері тәркілеп алған. Қазір арестта тұр.