Bugin
Ресейде Псковтан келген 60-қа жуық сарбаз Украинаға барудан бас тартты. Орыстар соғысқысы келмейді. Ал олар осы әрекеттері үшін жұмыстан босатылып, үстерінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл туралы «Псков губерниясы» Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Псковтық әскерилер Украинадағы соғысқа барғысы келмеген. Дереккөздер мұндай бас тартуды 60-қа жуық адам жасағанын айтады.
- «Соғыстың алғашқы күндерінен кейін олар алдымен Беларусь Республикасының аумағына шығарылды, содан кейін олар Псковқа қайта оралды», - деп хабарлады Псков губерниясы.
Украинадағы соғысқа барудан бас тартқан әскерилерге қысым көрсетілуде. Олардың көпшілігі жұмыстан шығарылды. Кейбір әскери қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытуда.