Bugin
«Қазфосфат» ЖШС-нің ауылшаруашылық тыңайтқыштарын қымбаттатқанының пайдасын мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары көріп отырғаны анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
- «Қазфосфат» ЖШС: бірінші басшысы – Нұрланов Нұрхан Нұрланұлы, құрылтайшысы – «KAZ Chemicals» ЖШС (KAZ Chemicals)» делінген Қазақстандағы компаниялардың сенімділігін тексеру қызметінің Компра сертификатында.
«KAZ Chemicals» ЖШС (KAZ Chemicals) құрылтайшылары өз кезегінде Нидерландыда тіркелген «Kazakhmys Resources B.V.» компаниясы, сондай-ақ Нығматулиннің ұлдары – үлкені Нұрхан және кішісі Нұржан Нұрлановтар.
Бұл ретте Нұржан Нұрханов «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен «Capital Estate Group» ЖШС, ал Нұрхан Нұрланов «Браволаб» ЖШС мен «Kazfin Group» ЖШС-нің мүшесі ретінде тіркелген.
Сонымен қатар Амстердамда тіркелген Kazakhmys Resources B.V. негізгі акционері Нұрлан Нығматулиннің досы Дінмұхамед Ыдырысов. ол «Bank RBK» АҚ-ның үлестес тұлғаларының тізімінде болған.