Bugin
29 наурызда Украинаның астанасы – Киев қаласы маңындағы ресей әскерінің бір бөлігі кері шегініп, Беларусь еліне қарай қайтқан еді. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің әскерін не үшін кері шегіндіргенін түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
– «Бұл – Кремль билігінің келісімге дайын екенін көрсету белгісі еді. Ресей билігі келіссөзді ойдағыдай өткізу үшін әрі өзінің ниеті дұрыс екенін жеткізу үшін Владимир Путин әскерді аймақтан шығаруға бұйрық берді», – деді Песков.