Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлдағы күндері Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағы жөнінде келіссөздер өткізеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, 15-20 сәуір күндері ғарыш айлағының болашағы талқыланады.
– «Уақыт бір орында тұрмайды. Біз орманда тұрып жатқан жоқпыз. Сондықтан «Байқоңырдың» жағдайын талқылаймыз», – деді ол.
Келісімшарт бойынша Ресей Қазақстанға «Байқоңыр» айлағын жалға алғаны үшін жыл сайын 100 млн доллар төлейді деген дерек бар.