Bugin
Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваға қатысты билік өкіліне тіл тигізу бабы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Бұған дейін ол басшылықтың қысымынан өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі қылмыстық іс тоқтатылды деп түсіндірді. Алайда Мөлдір Бекееваның үстінен шағым түсірген қызметкер қайта сотқа жүгінген. Жаңа іс азаматтық тәртіпте қаралатын болады.
Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Бекееваға қатысты билік өкіліне тіл тигізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған. Оның айтуынша, бұл – «Назарбаевтың күйеу баласының» оны жұмыстан айыру әрекеті. Баспасөз хатшысы басшылықтың қысымынан өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.