Bugin

Кадрлық ауыс-түйіс: Кім келді, кім кетті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше-бүгін біршама кадрлық ауыс-түйіс болды. Bugin.kz порталы басшылыққа жаңадан тағайындалған және қызметтен кеткен мемлекеттік қызметкерлерге Ақорда сайтына сілтеме бере отырып шолу жасайды.

Алмат Әбдікешов Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы болды

«Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Алмат Жанболатұлы Әбдікешов ЭГТРМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Алмат Әбдікешов 1984 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты» АҚ «Анненск» кенішінде бірінші разрядты өтушінің жерасты шәкірті лауазымынан бастады.

Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке келді

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке келді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтоты Райымқұлова «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК директоры болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «композиция» және «фортепиано» мамандықтары бойынша, «композиция» мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдады. Сонымен қатар, «менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясының магистратурасында оқыған. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағы бар.

Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.

«Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», - делінген Жарлықта.

Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған. 2019 жылдың тамызынан бастап Байзақ ауданының әкімі қызметін атқарған. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

Динара Алимова премьер-министрдің кеңесшісі болды

Динара Алимова премьер-министрдің коммуникациялар бойынша кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

«Қазақстан премьер-министрінің өкімі бойынша Динара Аллабергенқызы Алимова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің коммуникациялар бойынша кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Жеңіс Сейдолла эстрада-цирк колледжінің директоры болып тағайындалды

Әнші Жеңіс Сейдолла Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

«Жеңіс Сейдуллаұлы «Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Жеңіс Сейдолла 1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1982 жылы Шымкент музыка училищесін бітірген, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі.

Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.