Bugin

Денис Теннің өлімі: күдікті деп танылған Жанар Толыбаева түрмеден шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева түрмеден шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет Толыбаеваның 2021 жылдың желтоқсанында ҚАЖ мекемесінен шығарылғанын хабарлаған болатын. Бұған дейін Жанар Толыбаева Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында 2022 жылдың 4 сәуірі бостандыққа шығатынын айтқан.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапты. Сот 2019 жылдың басында спортшының өліміне қатысты сотталғандарға үкім шығарды.

«Арман Құдайбергенов «Ұрлық», «Қарақшылық» және «Адам өлтіру» бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталды.

Нұралы Қиясовқа «Адам өлтіру» және «Қарақшылық» баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Жанар Толыбаева «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол екінші баласын түрмеде босанды. Ол жазасын баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде өтеді.

Sputnik Қазақстанның жазуынша, Толыбаева баласын босанғаннан кейін бір жылдан астам уақыт бостандықта болған. Алайда колонияның сот алқасының уақытында марқұмның туыстарына сотталушының сотқа өтініш түсіргені туралы ешқандай ескерту жібермегендіктен қайта тоғытылған.

«Заң бойынша ауыр қылмыс кезінде жазаның үштен бір бөлігін өтеп, шығуға болады. Егер ешқандай заңбұзушылық болмаса, түрме ішіндегі тәртіп жақсы болса, жазаны жеңілдетеді. Осы мерзімді өтегеннен кейін сотқа арыз жаздым. Баламен бұл жерде отырған маған да оңай емес. Сот шешімімен менің жазам 73-бап бойынша бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бірақ 1 жыл 3 айдан кейін қайтадан осы жерге, жалпы колонияға оралып отырмын», - деді Толыбаева.