Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comИрандық «Free Hands» хакерлер тобы Израиль барлау қызметі Қазақстан Президентіне қастандық жасауға әрекеттенді деген ақпарат жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Хабарламада Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасауға әрекеттенген ұйым ретінде Израильдің «Моссад» ұлттық барлау қызметі аталған. Сонымен қатар бұл хакерлік топ Қазақстандағы израильдік деструктивті ағымдардың әрекеті туралы эксклюзивті деректі фильм шығаруға уәде берді.
Олар үш апта бұрын «Моссад» басшысы Дэвид Барнеаның жеке деректерін бұзып, көпшілік назарына ұсынған болатын. Олардың ішінде әуе билеттері, жеке куәлік, салық есептері, үй суреттері және Израильдің бас барлау агенттігінің басшысына қатысты басқа да мәліметтер көрсетілген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61