Bugin

Франция Қазақстанда АЭС салуға қызығушылық білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше, 7 сәуір күні «Самұрық-Қазына» АҚ мен Францияның Orano компаниясы Қазақстандағы атом саласын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Келіссөздің басты тақырыбы - Қазақстанның оңтүстігінде уран өндіретін KATKO қазақстан-француз бірлескен кәсіпорнының жұмысын талқылау болды. Orano компаниясы KATKO кәсіпорны жұмыс істеу үшін өңірде қуаттылығы 12 МВт күн электр станциясын салуды ұсынды. Ол энергияны өзінде сақтайды.

Сонымен қатар қос тарап күкірт қышқылын өндіру мәселелері мен Orano-ның шетелдік жобаларына бірге инвестиция салу мүмкіндіктерін талқылады.

Франция тарапы энергия көзі ретінде Қазақстанда АЭС салу жоспарына қызығушылық танытып үлгерді.

«Бұл мәселені қарап жатырмыз. Нақты шешім алдағы уақытта қабылданады. Біз қалай болғанда да ядролық қана емес, газды да, басқа энергия көздерін де дамытуымыз керек», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.