Bugin

Мұхтар Тілеуберді пікір білдірді: Қазақстан Ресей-Украина қақтығысында кімді қолдайды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Хабар 24» телеарнасына берген сұқбатында Ресей-Украина қақтығысына қатысты Қазақстанның ұстанымын айтып берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, Қазақстан бүгінде ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, халықаралық қатынастардағы даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге тырысатын мемлекет.

«Еліміз келіссөз бен дипломатия арқылы Ресей-Украина қақтығысын соғысқа жеткізбей тезірек шешуді қолдайды. Қақтығыстың алғашқы күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Украина президенттерімен телефон арқылы сөйлесіп, оларды мәселені бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы шешуге шақырды», - дейді премьер-министрдің орынбасары.

Сондай-ақ спикер Ресей-Украина келіссөздерінің ықтимал нәтижесіне болжам жасады. Бұдан бөлек қақтығыста қару қолдануды тоқтату, гуманитарлық проблемаларды және шиеленіскен мәселені шешу жолдарын табуға ықпал ететінін атап өті.